Қоғам

Құрылтай депутаттарына қойылатын талап күшейеді – саясаттанушы

Құрылтай депутаттарына қойылатын талап күшейеді – саясаттанушы

Саясаттанушы Индира Рыстина бір палаталы Парламентке көшу депутаттардың заң қабылдау процесіндегі жауапкершілігін арттыратынын білдірді,деп хабарлайды Ozgeris.info

Енді Құрылтай депутаттары заңның әзірленуінен бастап қабылдануына дейінгі барлық кезеңге толық жауап береді. Оған қоса, комитеттер саны көбейіп, цифрлық бағыттағы заң жобаларын жан-жақты қарауға мүмкіндік туады, сондай-ақ депутаттық этика талаптары да күшейтіледі.

Өз кезегінде құқықтанушы Айгерім Құсайынқызы Құрылтай қабылдайтын заңдар әрбір азаматтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететінін атап өтті.

Алдағы бес жылда 145 депутат ел үшін маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдайтын болады.

 

Барлық жаңалық