Әнші Тамара Асар Құрылтай сайлауына қатысып, Астана қаласындағы №274 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Тамара Асар сайлау учаскесіне жалғыз бармай, жолдасымен бірге келген. Дауыс бергеннен кейін әнші қысқаша пікір білдірді.
«Біз өз таңдауымызды жасадық», — деді Тамара Асар.
Айта кетейік, бұған дейін «Қазақстан Халық партиясы» Құрылтай депутаттығына 72 кандидатты тіркеген болатын. Олардың қатарында Тамара Асар мен көпшілікке Аша Матай есімімен танымал Ақбота Асқарбекова да бар.