Жаңалықтар

Петропавлда 2 жастағы сәби шемішкеге қақалып шетінеп кетті

Петропавлда 2 жастағы сәби шемішкеге қақалып шетінеп кетті

13 маусым күні Петропавлда екі жасар бала күнбағыс дәніне қақалып, шетінеп кетті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті бүлдіршіннің көз жұмағынын растады. 

"Бірлік шағын ауданында екі жасар бала күнбағыс дәніне қақалып көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді", – делінген ведомство хабарламасында.

Қазір оқиғаның мән-жайы зерттеліп жатыр.

Барлық жаңалық