Жаңалықтар

Павлодар облысында көлік таудан құлап кетті

Павлодар облысында көлік таудан құлап кетті

Павлодар облысында көлік кюветке аударылды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Оқиға 16 шілде күні болған. 

Жасыбай демалыс аймағында "Hyundai Tucson" көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік кюветке аударылып кетті. Оқиға салдарынан 5 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліп, көлік арнайы тұраққа қойылды.

Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты. Қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Барлық жаңалық