Жаңалықтар
Омар Жәлел 20 жастан асқан әйел адамдардың барлығын "кәрі қыз" деп атады
05.09.2023
189
Филолог, абайтанушы Омар Жәлел “Адал адам” бағдарламасында 20 жастан асқан қыздардың “қателігін” бетіне басты.
“Жаспын, өмірім алда” деп айтатын 35 жастағы әйелдер көп. Олар иллюзияда жүр. Негізі өмір құмсағат сияқты өтіп жатыр, олар күн сайын қартайып жатыр. Қазақ айтады: “20-ға келген қыз кәрі болады, өңі кетіп, шырайы сары болады. Ер елуге келсе де, айып жоқ, әрқашан біреудің жары болады” дейді. Объективті шындықта ол – кәрі қыз. Ол кәрі қыз екенін түсінген кезде ғана ақыл кіре бастайды, шешім қабылдайды. Ол көзде көк етікті кездеспейді. Тек көне етіктіге ғана тиеді. Шал ақын: “20-ға келген қыз кәрі болады” дейді. Жақында Салтанат Байқошқарованы тыңдадым. Сонда репродукциологтың айтуынша, қыз баланың тұрмысқа шығатын ең қуатты шағы – 18-20 жас аралығы. Қыз бала жас кезінде тұрмысқа шығуы керек. Ал олар үй салып алайын, мансап жасап алайын деп жүргенде, мүмкіндіктен айырылып қалады”, – дейді Омар Жәлел.
Атышулы филолог кәрі қаздарға ұл тауып, балалы болудың жолын айтты.
"Жұрт не дейді деп қорқып, Құдайдың бұйрығын орындамай отырған қыздар бар. Уақыт өтіп кетіп, тұрмысқа шықпайды. Бала табайын десе, қоғамдағы сыбыс пен өсектен қорқады. Сөйтіп, қартайғанда жалғыз қалады. Қазақта "Ойнас қыл да, ұл тап" деген сөз бар. "Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан". Ыммен айтып отырмын. Оны түсіну үшін адамда ілім болуы керек. Мұндай қыздарға “қалай да болсын ұл тауып ал” деп айтар едім. Негізі бұл –құпия нәрсе. Мұны түсінген адам өзінің ақылы, түйсігімен шешеді. Талай әйелді білемін. Бір мысал айтайын. Тұрмысқа шыға алмаған жасы келген қыз өзі жақсы көретін беделді еркектен ұл туып алды. Ол ешқандай шарт қоймады. Бастысы, ниеті дұрыс болды. Себебі оған ұрпақ керек болды. Қазір ешкімнен кем емес. Ұлды өсіріп, келін түсіріп, немере сүйіп отыр", – дейді абайтанушы.
-
«Мөлдір бұлақ» акциясы: «Қазақмыс» қызметкерлері жағалауларды тазартты19:15, 30 мамыр 2026
-
Леңгірде пышақталған жігіт табылды: Күдікті ретінде оқушы қамауға алынды15:48, 30 мамыр 2026
-
Алматыда Мұхтар Шахановтың 40 күндік асы өтті14:26, 30 мамыр 2026
-
Қазақстанның үлкен бәсі13:33, 30 мамыр 2026
-
Астанада тағы да велосипед мінген баланы көлік қақты (ВИДЕО)12:19, 30 мамыр 2026
-
Роза Рымбаеваға ұлдары көлік сыйлады11:27, 30 мамыр 2026
-
Оралда тірідей жанған бала: тергеу тоқтатылып, іс жабылды10:07, 30 мамыр 2026
-
Тоқаев Қазақстанға сапары аяқталған Путинді елорда әуежайынан шығарып салды09:10, 30 мамыр 2026
-
ЕАЭО-ның жаңа бағыты: цифрландыру, жасанды интеллект және экономикалық өсім18:24, 29 мамыр 2026
-
-
Оралда тірідей жанған бала: тергеу тоқтатылып, іс жабылды10:07, 30 мамыр 2026
-
Роза Рымбаеваға ұлдары көлік сыйлады11:27, 30 мамыр 2026
-
Астанада тағы да велосипед мінген баланы көлік қақты (ВИДЕО)12:19, 30 мамыр 2026
-
Алматыда Мұхтар Шахановтың 40 күндік асы өтті14:26, 30 мамыр 2026
-
Қазақстанның үлкен бәсі13:33, 30 мамыр 2026
-
Леңгірде пышақталған жігіт табылды: Күдікті ретінде оқушы қамауға алынды15:48, 30 мамыр 2026
-
«Мөлдір бұлақ» акциясы: «Қазақмыс» қызметкерлері жағалауларды тазартты19:15, 30 мамыр 2026
-
"Әкесімен жасты ғой": Гүлнұр Оразымбетова күйеуінің 70 жасын тойлады (ВИДЕО)10:02, 28 мамыр 2026
-
“Байқаңдар!”: Тұрсынбектің тоқалы ашық сес көрсетті16:11, 26 мамыр 2026
-
"Бақилық болды": Қабатовтың екінші әйелі қаралы хабар айтты09:11, 28 мамыр 2026
-
-
-
"Жағдайым онша емес": Бағым Мақсатқызы өзіне қатысты айтылған өсекке пікір білдірді11:55, 25 мамыр 2026
-
-
"Мына Баяның менен өткен": Бағдагүл емші продюсерге тағы да тиісті (ВИДЕО)09:48, 25 мамыр 2026
-
"Таңғы асты кешкі бесте береді": Нұржан Төлендиев келіні туралы айтты (ВИДЕО)16:21, 25 мамыр 2026
-
-
-
-
-
-
"Адам өледі, ажал қалады": Хасанғалиевтің ұлы қайғылы жазба жариялады (ФОТО)14:27, 30 сәуір 2026
-
-
"Ұлымның қуығына ине тыққан": Айгүл Иманбаева сұмдық жайтты айтып берді (ВИДЕО)17:03, 04 мамыр 2026
-
-
-