🌐 Әлем

Нью-Йорк қалайша өзенге қапас салған?

Нью-Йорк қалайша өзенге қапас салған?

Нью-Йорк қаласында ерекше түрме бар. Ол құрлықта емес, су бетінде тұр. Бұл әлемдегі ең ірі қалқыма түрме, жергілікті тұрғындар оны жай ғана The Boat («Кеме») дейді, деп жазады Ozgeris.info.

1992 жылы қала шетіне салынған бұл баржа жер тапшылығы мен қымбаттығына байланысты қабылданған амал. Құрлықтан орын іздеудің орнына, билік өзенге арнайы кеме жасап шығарған. Қалқыма түрме 800 адамға арналған. Мұнда ауыр қылмыс жасағандар емес, ұсақ бұзақылар мен ұрлық жасағандар отырады. Көп жағдайда бұл мекеме уақытша ұстау изоляторының (СИЗО) қызметін атқарады.

Бірақ су үстіндегі бұл түрмеден қашу мүмкін емес: қауіпсіздік шаралары күшейтілген, ал болаттан құйылған қабырғалар кімді де болсын тоқтатады.

«Кеме-түрме» бүгінде Гиннестің рекордтар кітабына енген, себебі мұндай көлемдегі қапас әлемде жоқ. Нью-Йорк өз жағдайына қарайша ерекше шешім қабылдап, қаланың орнына өзенді пайдалануды жөн көрді.

 

 

Барлық жаңалық