Жаңалықтар

Назарбаевтың немересі Алтай Асқар туралы тың деректер шықты

Назарбаевтың немересі Алтай Асқар туралы тың деректер шықты

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі, Тимур мен Динара Құлыбаевтардың үлкен ұлы Алтай Асқардың Кипр азаматтығын алғаны белгілі болды. «Выход к морю» Telegram арнасының хабарлауынша, ол 2019 жылы Кипрдің инвестициялық «алтын паспорт» бағдарламасы арқылы азаматтыққа өтініш берген және сол жылы азаматтыққа ие болған. Бағдарламамен құжат алу шамамен 1 миллиард теңге тұраған деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Politico.kz сайтына сілтемемен.

 

Алтай Асқардың Кипр азаматтығынан бөлек, Швейцария резиденттік картасы бар, ал Мәскеу-Ситидегі «Меркурий» мұнарасынан пәтері бар. Сондай-ақ, Дубайдағы Palm Jumeirah аралында орналасқан Marina Residences кешенінен 633 шаршы метрлік кең пәтері бар, оның құны шамамен екі миллиард теңгеге бағаланған.

Барлық жаңалық