Жаңалықтар
Маңғыстаулық кардиохирургтар жүрекке ерекше ота жасады
Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында енді кардиохирург-дәрігерлер жүрекке ота жасау үшін төсті терең тілмей-ақ, қабырға аралық шағын кесінді арқылы аорта-коронарлы шунттау операциясын жасайды, - деп хабарлайды облыстық аурухананың баспасөз қызметі.
Кардиохирург-дәрігер Әбунасыр Сухановтың айтуынша, бұған дейін аорта-коронарлы шунттау операциясы классикалық жолмен жасалды. Яғни, ота кезінде науқастың төсін арамен 25 см дейін кесетін еді. Ал қазір оңтайлы әдіс арқылы науқасқа қауіпсіз әрі жеңіл түрде өтетін операцияны енгізді.
«67 жастағы ақтаулық тұрғынға қабырға арасынан 5-7 см кесінді арқылы аорта-коронарлы шунттау операциясы жасалды. Үш шунт жасадық, қазіргі таңда науқастың жағдайы жақсы. Еркін қозғалып, қолын ауырсынусыз көтере алады. Егер біз төсін кесу арқылы ота жасайтын болсақ, онда науқас 6 ай бойы арқасымен жататын еді. Ал қазір науқас отадан кейінгі үшінші күні өздігенен жүреді», - деді кардиохирург-дәрігер Әбунасыр Суханов.
Сонымен қатар аталған отаның тиімділігі – төстің ашылу қаупі болмайды, оңалту кезеңі тез жүреді, тілік көлемі аз болғандықтан науқас көп қан жоғалтпайды.
«2022 жылы жүрегім ауырып, ота жасалып, төрт рет стенд қойдырған едім. Бір-екі жылдан соң қайта жүрегім ауыра бастады. Облыстық ауруханада кардиохирург Әбунасыр Суханов ініме ота жасаған екен, нәтижесін көріп, мен де жүрегіме ота жасатуға шешім қабылдадым. Қазір жағдайым жақсы, ешқандай ауырсыну жоқ. Аурухана дәрігерлері мен медбикелері де жақсы қарап жатыр. Әбунасыр Жетпісұлына және аурухана басшылығына алғысым шексіз», - деді науқас Б. Сатканов.
Айта кетейік, енді облыс тұрғындары Астана мен Алматыға бармаса да болады. Себебі білікті дәрігерлер кардиологиялық күрделі операцияларды облыстық көпбейінді ауруханасында жиі жасап жатыр. Жоспарлы операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, ал шұғыл ота медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша жүргізіледі.
-
Мәжіліс ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы жаңа заң қабылдады12:53, 12 қараша 2025
-
Цифрлық трансформация қала тынысын ашады12:48, 12 қараша 2025
-
"Күрделі ота жасады": Дина Төлепберген басынан өткен ауыр сынағымен бөлісті (ВИДЕО)12:37, 12 қараша 2025
-
Қаржы ашықтығы қайдан басталады?11:09, 12 қараша 2025
-
Хромтау әкімі пара алғаны үшін қамауға алынды11:09, 12 қараша 2025
-
Цифрлы жүйе Алматы егіншілігіне серпін бермек10:58, 12 қараша 2025
-
«Аллаға шүкір, сүйінші!»: Танымал блогер Елдос Колобок 9 жылдан кейін әке атанды10:12, 12 қараша 2025
-
"Ет те, қазы да біртүрлі": Димаш Құдайбергеннің мейрамханасында шу шықты (ВИДЕО)09:00, 12 қараша 2025
-
Мөлдір Әуебекованың анасы әнші қызына үшінші рет тұрмысқа шығуға кеңес берді05:49, 12 қараша 2025
-
Ақтөбе облысында әкім қамауға алынды03:44, 12 қараша 2025
-
"14 жыл біргеміз!": Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы елге үн қатты (ВИДЕО)15:10, 11 қараша 2025
-
-
"Бір көріп ғашық болдым": Медеу Арынбаев жеке өміріндегі сырымен бөлісті (ВИДЕО)16:34, 11 қараша 2025
-
"Пара алып, қашпақ болған": Түркістанда полицей 7 жылға сотталып кетті (ВИДЕО)16:12, 11 қараша 2025
-
Кредитті 5 жылға шегеруге бола ма?16:26, 11 қараша 2025
-
Атырауда екі жасар бала терезеден құлап мерт болды17:15, 11 қараша 2025
-
"Ет те, қазы да біртүрлі": Димаш Құдайбергеннің мейрамханасында шу шықты (ВИДЕО)09:00, 12 қараша 2025
-
«Жоғары мәртебелі Тоқаев мырза!»: Мәскеу Қазақстан президентін қалай қарсы алды18:50, 11 қараша 2025
-
Тоқаев Қазақстанның бірқатар елшісін тағайындады14:50, 11 қараша 2025
-
Ақтөбе облысында әкім қамауға алынды03:44, 12 қараша 2025
-
«Иманы саламат болсын»: Мұхтар Шаханов қара жамылды19:46, 05 қараша 2025
-
"Қасынан бір елі қалмайды": Тұрсынбек Қабатовтың жас тоқалының видеосы тарады (ВИДЕО)14:57, 05 қараша 2025
-
-
"Қатты мұқтажбыз": Тұрсынбектің балалары солқылдап жылап қалды (ВИДЕО)17:16, 10 қараша 2025
-
"Қазір әкемнен алыстадым": Тұрсынбек Қабатовтың кіші қызы оқырмандарына жауап берді09:56, 05 қараша 2025
-
"Ол да бір үйдің Мөлдірін жылатты": Динара Сәтжан танымал журналистің сынына қалды16:44, 06 қараша 2025
-
"Көмектесетін адамым жоқ": Гүлзира Айдарбекованың кіші келіні ренішін айтты09:00, 06 қараша 2025
-
"Дәстүрді білмей ме": Асанәлі Әшімов немересін күйеуіне өзі табыстады (ВИДЕО)15:01, 10 қараша 2025
-
"Жақсы күйеу бола алмады": Тұрсынбек Қабатовтың кенжесі әкесі туралы жазба жариялады12:36, 06 қараша 2025
-
Тұрсынбек Қабатов тоқалы барын мойындады10:06, 10 қараша 2025
-
"Қызымның ұстайтын жері қалмапты": Сәкеннің құдағиы ренішін айтты (ФОТО)10:18, 16 қазан 2025
-
-
-
-
Аида Балаева қаралы хабар айтты15:04, 20 қазан 2025
-
-
-
"Жасанды сұлулық иесі": Қоғам белсендісі Динара Сәтжанды оңдырмай сынады13:02, 14 қазан 2025
-
«Иманы саламат болсын»: Мұхтар Шаханов қара жамылды19:46, 05 қараша 2025
-