📰 Сарапшылар пікірі

Кредитті 5 жылға шегеруге бола ма?

Кредит мәселесі ушығып, қарызын өтеуге шамасы келмей жатқан азамат көп. Осындай жағдайда жұрт ең алдымен  Уақытша шегеруге бола ма?» деген сұрақ қояды. Заңгер Рауан Есберген осы сұраққа нақты әрі түсінікті жауап береді. Оның айтуынша, халық айтып жүрген «бес жылға шегеру» деген ұғым – кредитті уақытша тоқтата тұру емес, төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімі деп аталатын заңды механизм, деп жазады Ozgeris.info.

Заңгердің түсіндіруінше, банк өз еркімен бес жылға шегерім беруге міндетті емес. Заңда ондай талап жоқ. Бірақ сот арқылы төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімін бекітіп алуға болады. Осы рәсім бекігеннен кейін адамға өз қарызын бес жылға бөліп, жоспар бойынша өтеу мүмкіндігі ашылады. Бұл – банкпен жеке келісу емес, заңмен рәсімделген үдеріс. Заңгер бұл рәсімнің бірнеше артықшылығын атап өтеді.

– Бірінші артықшылығы – есеп-шот жабылмайды. Айлық жалақы толық түседі. Карталар еркін жұмыс істейді. Kaspi немесе басқа банктердің карталарын пайдалануға ешқандай шектеу қойылмайды. Шетелге шығуға да тыйым салынбайды. Бұл – қарызы бар адамға үлкен мүмкіндік. Екінші артықшылық – борышкерді ешкім сотқа бере алмайды. Яғни рәсім жүріп жатқан кезде банк тe де, коллектор да де шағым түсіре алмайды. Сонымен бірге 3 пайыздық өсім немесе қосымша сот шығындары төленбейді. Бұл борышкердің жағдайын айтарлықтай жеңілдетеді. Үшінші маңызды артықшылық – іс сот орындаушыларына өтпейді. Сот орындаушыға өтпегендіктен, ай сайынғы жалақыдан мәжбүрлі ұстау болмайды. 25 пайызға дейінгі ұсталымдар жүргізілмейді. Мүлікке арест салынбайды, шот бұғатталмайды. Бұл да борышкердің тыныс алуына мүмкіндік береді, – дейді заңгер. 

Ең бастысы – қарыз сомасы өспейді. Бес жылға бекітілген жоспар бойынша үнемі төлеп отырса, үстеме өсім қосылмайды. Қарыз күрделі процентпен үлкейіп кетпейді. Тек жоспарда көрсетілген соманы уақытында төлеп отырсаң, бес жылдың ішінде қарыздан құтылуға болады.

Төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімі сотта жүріп жатқан кезде борышкерге ешқандай мәжбүрлеп өндіріп алу шарасы қолданылмайды. Бұл заңның жиырма екінші бабында нақты жазылған. Демек, рәсім бекігеннен бастап адамның шоттары ашық, табысы толық қолында, өмірін еркін жалғастыра алады. Заңгер Рауан Есберген бұл процесті кәсіби түрде жүргізуге болатынын айтады.

– Арыздарды дайындап, тапсырып береміз. Қажет болса сотқа қатысып, құқығыңызды қорғай аламыз. Қажетті процессуалдық құжаттардың бәрін әзірлейміз. Мұндай жағдайға тап болған адамдар өз құқығын білмей жатады. Сондықтан кеңес алу маңызды. Бізден білікті, мықты заңгер табу қиын. Сондықтан уотсапқа жазыңыздар» деп азаматтарды хабарласуға шақырған. Осылайша, төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімі – кредит қарызын реттеудің заңды әрі тиімді жолдарының бірі. Халық арасында жиі айтылатын «бес жылға шегеру» деген түсінік осы рәсім арқылы жүзеге асады, – деді заңгер. 

Барлық жаңалық