💰 Экономика

Кімдер жұмыссыз қалады?

Қазақстанда жасанды интеллект пен роботтехниканың дамуына байланысты бірқатар кәсіп алдағы жылдары сұраныстан шығып қалуы мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин мәлімдеді, деп жазады Ozgeris.info.

Вице-министрдің айтуынша, ең алдымен төменгі деңгейдегі бухгалтерлер, кассирлер, станок операторлары, қаптаушылар мен конвейер жұмысшылары қажетсіз бола бастайды. Өйткені бұл міндеттерді қазірдің өзінде автоматтандырылған жүйелер мен өзіне-өзі қызмет көрсету кассалары атқара алады.

Сонымен бірге ескі мамандықтардың орнына жаңа салалар қалыптаспақ. Мәселен, жасанды интеллект операторлары, цифрлық платформалармен жұмыс істейтін мамандардың қажеттілігі артады. Анафиннің айтуынша, автоматтандыру мемлекеттік қызметке де әсер етуі мүмкін, кейбір министрліктерде жасанды интеллект бірқатар міндетті өз қолына алмақ.

Еңбек министрлігі азаматтарға еңбек нарығындағы өзгерістерге дайын болуды, жаңа дағдыларды меңгеруді және заманауи кәсіптерді игеруді ұсынады. 

Барлық жаңалық