Шоу-бизнес

"Киген киімдерін сатып жатыр": Төреғали Төреәлінің анасы елді шулатты

"Киген киімдерін сатып жатыр": Төреғали Төреәлінің анасы елді шулатты

Желіде әнші Төреғали Төреәлінің анасы Аягөз Төлепованың киімдерін сатып жатқандығы туралы ақпар тарады, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты. 

Бұл туралы Threads қолданушысы жазды. 

"Төреғалидің мамасы бір киген киімдерін сатып жатыр. Бізде Төреғалидің анасындай бақытты ана болайық. Балаларымыз Төрештей бай-қуатты, Толқындай текті келінді болайық, деп ырымдап алып жатқандар көп екен. Менде анама ырымдап алсам ба деп қоямын, жалпы керек пе?", - деп жазған ол ақыл сұрап. 

Мұны көрген жұртшылық түрлі пікірді жарыса жазуда. 

"Құдай сақтасын, "Біреудің қаңсығы біреуге таңсық" деген, өз шүберектеріңіз бұйырсын", "Тегінге беруге шамасы жетпей ме мұқтаждарға? Не болды сонша киімдерін сатып?", "Киілген киім керек емес", "Онда тұрған ештеңе жоқ. Алам дегендер ала берсін", деді ол. 

Барлық жаңалық