Жаңалықтар

«Келешек TikTok-та емес – мектептің ішінде қалыптасады» – желі қолданушысы директорлар жайлы пікір білдірді

«Келешек TikTok-та емес – мектептің ішінде қалыптасады» – желі қолданушысы директорлар жайлы пікір білдірді

Ozgeris.info сайтының хабарлауынша, әлеуметтік желі қолданушысы Шынар Құрманғали ел ішінде танымал бола бастаған кейбір мектеп директорларының желідегі белсенділігіне қатысты өз пікірін білдірді.

 

Ол TikTok пен Instagram арқылы танымалдылыққа ие болған мектеп директорларының қоғам назарын өзіне аударып жатқанына тоқталып, олардың шоу мен қаралым қуалап жүргеніне алаңдаушылық білдірді. Мысал ретінде, Ақмоншақ Нұртаза есімді мектеп директоры екі айда 200 мыңға жуық оқырман жинап, түрлі іс-шараларға қатысып жүргенін атап өтті.

 

Шынар Құрманғали қазіргі басты мәселе — білім сапасы мен кадр тапшылығы екенін айтып, директорлардың басты міндеті — мектеп басқару, сапалы білім мен тәрбие беру екенін еске салды.

 

«Креатив керек, бірақ директорлар TikTok жұлдызы емес, білім көшбасшысы болуы тиіс. Келешек TikTok-та емес — мектептің ішінде қалыптасады», – деп қорытындылады ол.

Барлық жаңалық