«Тұрғын үй тек 5 жыл мерзімге беріледі, яғни 5 жылдан кейін сіз бағдарлама шарттарына сәйкес берілген тұрғын үйді босатуыңыз керек. Осы бағдарлама бойынша сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді алғандардың барлығына тұру уақыты ішінде «Отбасы банк» АҚ-ға өзінің пәтеріне бастапқы жарнаны жинақтауды ұсынамыз», делінген хабарламада. «Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы – бұл жұмыс істейтін жастардың өз баспаналарына ақша жинақтау мүмкіндігіне ие болуы үшін мемлекеттен қолдау.Бағдарлама бойынша жалдау шартын бұзу шарттары: 1) 6 айдан артық жалдау ақысын төлемеу; 2) 3-ші адамдарға пәтерді тапсыру; 3) өтініш берушіде немесе оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында мүліктің болуы; 4) жалдау шартының 5 жылдық мерзімінің аяқталуы.
Ozgeris.info порталы