Шоу-бизнес

«Жұлдыз бәрін өзгертті»: Қайрат Нұртастың концертіндегі бейне жазба елді елжіретті (ВИДЕО)

«Жұлдыз бәрін өзгертті»: Қайрат Нұртастың концертіндегі бейне жазба елді елжіретті (ВИДЕО)

Алматыда өткен Қайрат Нұртастың концертінде күтпеген қонақ көпшіліктің назарын өзіне аударды әншінің жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова балаларымен бірге Астанадан арнайы келіп қатысты, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты Democrat.kz сайтына сілтемемен.

 

Бұған дейін желіде «Қайрат пен Жұлдыздың қарым-қатынасы суып кетті», «Жұлдызды жұп ажырасып кеткен» деген қауесеттер жиі тараған еді. Алайда Жұлдыздың күйеуінің концертіне қатысып, сахна сыртында түсірілген бейнероликтерді жариялауы көпшіліктің ойын өзгертті.

 

Бұрын Қайраттың концерттерінде көбіне анасы Гүлзира Айдарбекованың бейнелері тарайтын болса, бұл жолы әлеуметтік желілерді әншінің балалары мен жарының видеолары толтырды.Желі қолданушылары Қайрат пен Жұлдыздың бірге көрінгеніне қуанып, жылы лебіздерін білдірді. Кейбірі тіпті Гүлзира ханымға қатысты пікір қалдырып, отбасындағы өзара түсіністікті жоғары бағалады.

 

Интернет қолданушыларының басым бөлігі

 

«Нағыз отбасы үлгісі», «Жұлдыздың келуі бәрін өзгертті», «Қайраттың жанында ең үлкен қолдаушысы – оның жары»,«Гүлзира ханым жеңілді», деген пікірлер қалдырды.

 

Барлық жаңалық