Шоу-бизнес

"Қарны сыймай барады": Көрінбей кеткен әнші Мұрат елді алаңдатып қойды (ВИДЕО)

"Қарны сыймай барады": Көрінбей кеткен әнші Мұрат елді алаңдатып қойды (ВИДЕО)

Танымал әнші Мұраттың желіде видеосы тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Ол өз репертуарындағы "Жарығым-ай" әнін караокеде орындаған.

Алайда желі қолданушылары өнер иесінің денсаулығына алаңдаушылық білдірді.Ол әдеттегіден тым қатты толып кеткен.

Көпшілік бұның себебін денсаулығындағы кінәраттар мен ауырғандығымен байланыстырды. Әншінің тезірек жазылып, арықтауын тіледі.

"Легенда ғой мойындау керек", "Дауысы керемет", "Қайта аман жүргенін айт. Аман болсын", "Өлім аузынан қалды ғой қатты ауырып", "Қарны сыймай барады", "Қатты толып кетіпті", "Айтымға бару керек екен", "Қарыны да бөлек екен", "Арықтаса дұрыс болар еді", "Неге сонша семіріп кеткен", - деп жазды оқырмандар.

Барлық жаңалық