Жаңалықтар

InDriver-дің командасы Алматыға көшіп жатыр

InDriver-дің командасы Алматыға көшіп жатыр
InDriver жолаушылар тасымалы қызметі негізгі командасының бір бөлігі Алматыға көшіп жатыр, деп хабарлайды "ozgeris.info" "Express K"-ға сілтеме жасап. Бұл туралы Chocofamily Holding негізін қалаушы және компания иесі Рамиль Мухоряпов  Instagram желісінде хабарлады. "Біз жаһандық InDriver негізін қалаушы @arsentomsky-ді кездестірдік. Ол негізгі команданың маңызды бөлігінің Қазақстанға қоныс аударғанын растады, бұл - еліміз үшін тамаша жаңалық! Алматыда қонақтарды жылы қарсы алуымыз керек, бұл Ресейдегі "әлемдегі) ең мықты адамдар. Олар Қазақстанда тұрады, салық төлейді, ақша жұмсайды, білім мен технологияны ҚР тұрғындарына үйретеді", - деп жазды ол. Айта кету керек, бүгінде InDriver қосымшасы Қазақстанда өте танымал. Барлық өңірде тұрғындар қосымшаны көп пайдаланады.  

"ozgeris.info".

Барлық жаңалық