Жаңалықтар

Шетелдегі барлық сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады

Шетелдегі барлық сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады

61 елде дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 9623 адамды құрады. Бұл дауыс берушілердің 84,4% келуін қамтамасыз етті, деп жазады Ozgeris.info

Шет елдерде тіркелген сайлаушылардың саны – 11 402.

Шетелде дауыс беруді Америка Құрама Штаттарының Сан-Франциско қаласындағы отандастарымыз аяқтады (Астана уақытымен сағат 19:00 ашылды). Сан-Францискодағы Бас консулдықта орналасқан сайлау учаскесіне Сан-Франциско, Кремний алқабы және консулдық округке кіретін өзге де өңірлерде тұратын немесе уақытша жүрген Қазақстан азаматтары келіп, өз таңдауларын жасады.

ҚР Құрылтайының депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру қорытындылары туралы шет елдердегі учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары дереу Орталық сайлау комиссиясына жолданатын болады.

Барлық жаңалық