Қоғам
Халықтың несиеге кіріп кеткені "Үкімет өлтірмейді" деген ескі психология - сарапшы
Қаржы сарапшысы Айбар Олжаев халық қымбат несиеден бас татпауынан Үкімет "В жоспарын" енгізіп жатыр деп жазды. Егер халық несиеден бас тартпаса, онда несиелік үйымдарды халыққа қарызға ақша беруден ажырату керек дейді.
Автордың ойын толық түсіну үшін жазбасын толық оқып шыққан дұрыс. Толық нұсқасын мына жерден оқуға болады. Дегенмен қысқаша сарапшының пікірін саралап көрейік.
Қазақстан финтех революциясының арқасында жеке тұлғаларға кепілсіз берілетін жедел несие жүйесін жақсы дамытқан елдер қатарына кіреді. Кредитті ортақ нарық деп алатын болсақ, оның ішінде жеке тұлғаларға берілетін кепілсіз несиелердің үлес салмағы тым тез өсті. Бұл қаржы нарығының қатты дамуына алып келді. Бірақ бірден таяқтың екінші ұшы пайда болды. Ол - халықтың қарызы.
Адамдардың шектен тыс несие алуы бұқаралық дефолт қаупін туғызып отыр. Бұл әлеуметтік тұрақтылыққа тікелей қатер төндіреді. Сондықтан дәл осы сегментке қатысты мемлекет риторикасы қатаңдап, басқа елдерден өзгеше шектеулер пайда болғаны рас.
2024 жылы кредиттік ұйымдардың несие портфелі 53,6 триллион теңгеден асты. Портфель дегеніміз қолданыстағы кредиттердің жалпы сомасын білдіреді. Оның ішінде шамамен 2,8-3 триллион теңге микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестер мен ломбардтарға тиесілі болса, қалған ең қомақты бөлігі - екінші деңгейлі банктердің үлесі.
Осы 53,6 триллион теңгенің 45 пайызын халық алған. Қалған 55 пайызы бизнеске тиесілі. Халық дегенде – шамамен 9 миллион отандасымызда несие бар. Сонда 24,12 триллион теңгені 9 миллионға шақсақ, әр адамға 2,68 миллион теңгеден келеді. Бірақ медианды есеппен алсақ, 9 миллион халықтың шамамен 85 пайызы кредиттік ұйымдарға 1 миллион теңгеге дейін сома қарыз. Ал қалған 15 пайызының басында ипотека сынды ауқымды кредиттер бар. Сома бойынша негізгі жүктемені солар құрайды.
Халқы кредитті көп алатын елдер рейтингін Халықаралық валюта қоры әр үш жыл сайын жасап отырады. Соңғысы 2022 жылдың қорытындысы бойынша жарияланды. Ол тізімде Қазақстанның ІЖӨ-ге шаққандағы халық қарызының индикаторы 13,65% деп көрсетілген және барлық дамыған елдерден және дамушы елдердің көбісінен төмен тұр. Көрші елдерге қарасақ, Ресей индикаторы 21,1% көрсетті, ал финтех кредитінің бумы әлі басталмаған Өзбекстан, Тәжікстан сынды елдерде бұл индикатор бізден төмен.
Үкімет халыққа берілетін кредит нарығының бұдан ары өсуін қауіпті деп санайды. Шыға алмайтын шеңберге кіріп кетуіміз мүмкін: инфляция жоғары болғанда базалық ставка да жоғары болып, кредит ставкалары қымбат болады. Кредит ставкаларының қымбаттығы борышкерлердің жағдайын қиындатып, олардың кредитті еселеуіне алып келеді. Кредит көбейсе инфляция да жоғары болады. Бізге осы тізбекті қалай болғанда да үзу керек.
Ең дұрысы – халық пайыздың жоғары екенін көріп, кредит алудан бас тартуы керек еді. Классикалық экономикалық сценарий жағдайында осылай болуы тиіс. Бірақ бізде аномалия орын алып, халық қымбат кредиттен бас тарта қоймады.
Соңғы 25 жылда кредит деген дүние қазақ халқына майдай жақты. Осының арқасында біраз шаруасын бітірген азаматтар аз болмады. Үйдегі көптеген тұрмыстық заттар, техника, көлік кредиттің арқасында жаңарды. Ипотекамен баспаналы болғандар көп.
Бірақ кредитін сәтті өтеп біткен үш адамға кредитке шырмалып, қиналып қалған бір адам тап болады. Түпкі проблема – қаржылық сауаттың аздығында. Және «Үкімет өлтірмейді» деген ескі психологияның әлі де жойылмауында болып отыр.
-
ТЭЦ-2 әлі көмірмен жұмыс істеп тұр: Алматыны улап жатқан жүйе кімге тиімді?
00:48, 26 шілде 2025
-
-
Facebook пен Instagram-да енді саясат жарнамаланбайды
18:03, 25 шілде 2025
-
ҚМДБ вейпке қарсы дауға нүкте қойды
18:00, 25 шілде 2025
-
Жарты жылда елімізде 290-нан астам дүкен ашылған
17:49, 25 шілде 2025
-
Tesla кейінгі он жылда болмаған дағдарысқа түсті
17:39, 25 шілде 2025
-
Сотта әнші Жұбаныш Жексенұлына қатысты іс қаралды
17:28, 25 шілде 2025
-
Жемқорлық күдігі: Қызылордадағы шенеунік қызмет бабын асыра пайдаланған
16:59, 25 шілде 2025
-
Kaspi дәрі-дәрмекті 60 минутта жеткізетін қызметті іске қосты
16:19, 25 шілде 2025
-
Перизат Қайрат пен анасына қатысты сот үкімі шықты
16:06, 25 шілде 2025
-
-
"Тура жолмен жүрмедің": Ақын Иранғайып Жүрсін Ерманға ойындағысын айтты (ВИДЕО)
14:34, 25 шілде 2025
-
Мемлекетке миллиард қарызы бар Әбішева туған күнін дүркіретіп атап өтті
11:40, 25 шілде 2025
-
Шерзат ісі: сотталғандардың бірі түрмеден шықты
09:29, 25 шілде 2025
-
Бұрынғы жігіт үшін жанжал: Павлодарда екі әйел салонда төбелесті (ВИДЕО)
15:04, 25 шілде 2025
-
Сотта әнші Жұбаныш Жексенұлына қатысты іс қаралды
17:28, 25 шілде 2025
-
Ақтауда қатты жел бес адамды теңізге алып кетті
10:30, 25 шілде 2025
-
Перизат Қайрат пен анасына қатысты сот үкімі шықты
16:06, 25 шілде 2025
-
Қадыровтың Бодрумдағы демалысы төтенше жағдаймен аяқталды
09:26, 25 шілде 2025
-
Бала еміне жиналған ақша пәтер мен көлікке кеткен - ерлі-зайыптылар тергеуде
12:42, 25 шілде 2025
-
-
-
Жұбаныш Жексенұлы ұлының итальяндық қызға үйленгенін айтты
05:15, 21 шілде 2025
-
-
-
Суық хабар: Еңбек министрінің отбасында қайғылы жағдай болды
05:45, 24 шілде 2025
-
-
-
Суық хабар: Қазаққа белгілі журналист көз жұмды
17:29, 21 шілде 2025
-
"Тек дәреті барлардың қолын ұстайды": Сәкен Майғазиев әріптесі Мөлдір туралы (ВИДЕО)
15:13, 23 шілде 2025
-
Бұлт артынан шыққан күн: Тұрсынбектің әйелі сүйінші сұрады (ВИДЕО)
14:29, 03 шілде 2025
-
Әнші Маржан Арапбаева жол апатына ұшырады (ФОТО)
11:29, 03 шілде 2025
-
-
-
«Облыс әкіміне үндеу жолдаймын: Меруерт Түсіпбаева Заттыбек Көпбосынұлына назын айтты
02:31, 26 маусым 2025
-
"Дарынсыз адам": Баян Алагөзова әнші Меруерт Түсіпбаеваны орнына қойды (ВИДЕО)
12:00, 04 шілде 2025
-
"Сахнадан шеттету керек": Уәлибек Әбдірайымовтың басы дауға қалды
09:00, 03 шілде 2025
-
"Ауырып қалмаса болар еді": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайратқа алаңдаушылық білдірді
17:13, 02 шілде 2025
-
"Діңкілдеп сөйлегенді көрсетемін": Елдос "Колобок" ашулы жазба жариялады
09:08, 11 шілде 2025
-
"Жақсы баланы бүлдірген әкесі": Төреғалидің сахнадан кетуінің себебі айтылды (ФОТО)
09:00, 04 шілде 2025