Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Түркияның Бодрум қаласындағы демалысы кезінде күтпеген жағдайға тап болды деп хабарлайды ozgeris.info сайты Ulysmedia.kz сайтына сілтемемен. Кайнар ауданындағы люкс қонақүйдің жағажайында суға түскен сәтте Қадыров өзін жайсыз сезініп, тыныс алуы қиындай бастаған. Оны дер кезінде байқаған күзетшілері мен қонақүй қызметкерлері шұғыл түрде медициналық көмек шақырған.
Дәрігерлер алғашқы көмекті жағажайда көрсетіп, кейін Қадыровты жақын маңдағы жекеменшік клиникаға жеткізді. Ақ халаттылардың айтуынша, науқастың жағдайы тұрақты, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.
Haberler басылымының хабарлауынша, Қадыров біраз уақыт дәрігерлер бақылауында болған соң, өзін жақсы сезініп, палатаға ауыстырылған. Қазіргі таңда оның денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда.