Қоғам

"Айзат алтын келін болды": Ат құйрығында кеткен жетісулық әйелдің қайын ағасы ішіндегісін айтты (ВИДЕО)

"Айзат алтын келін болды": Ат құйрығында кеткен жетісулық әйелдің қайын ағасы ішіндегісін айтты (ВИДЕО)

Күйеуі атпен сүйреп азаптап өлтірген Айзаттың қайынағасы келіні туралы айтты, деп хабаралайды ozgeris.info сайты.

Видео shapalaq TikTok желісінде жарияланған. Парақшада көрсетілген мәлімектке сүйенсек, келіні туралы айтып тұрған қария күдіктінің нағашы ағасы болып келеді. 

"Қалай істегенімді білмеймін дейді. Қалай білмейсің десем, түсіндіре алмайды. Екеуміз тергеушінің көзінше сөйлестік. Жынды адамның да олай істемейтінін айттым. Бір үйдің жалғыз ұлы. Әкең мен шешеңе не болды дедім. Айзат пен Айбардың арасы жақсы болды. Айзат өте алтын келін болған, оған ештеңе айта алмаймын. "Ағалап" тамағымызды қай кезде келсек те дайындап тұратын. Қонақ келсе де солай", - деді ол. 

Айта кетейік, Жетісу облысында жантүршігерлік оқиға тіркелген еді. Онда күйеуі некелі жарын қызының көзінше атқа байлап сүйреп өлтірген деген ақпар тарады. 

Барлық жаңалық