🌐 Әлем

Tesla кейінгі он жылда болмаған дағдарысқа түсті

Tesla кейінгі он жылда болмаған дағдарысқа түсті

Tesla компаниясы 2025 жылдың екінші тоқсанындағы қаржылық есебін жариялады. Құжаттағы мәліметке сүйенсек, компанияның таза пайдасы 16%-ға төмендеп, 1,17 млрд долларды құраған. Ал жалпы табысы 12%-ға азайып, 22,5 млрд долларға дейін түскен, деп жазады Ozgeris.info.

Сатылымдағы негізгі құлдырау автомобильдер сегментінде байқалды. Бұл бағыттағы кіріс 16%-ға азайып, 16,7 млрд доллар болған. Энергетикалық шешімдерге қатысты табыс та 7%-ға кеміп, 2,8 млрд долларды құрады.

Компания басшысы Илон Маск алдағы бірнеше тоқсанның оңай болмайтынын мойындады. Оның айтуынша, АҚШ-тағы мемлекеттік қолдаудың тоқтатылуы және автопилот жүйесінің баяу енгізілуі компания жұмысына кедергі келтіріп отыр. Масктың болжамынша, бағдарламалық қамтамасыз ету мен толық автономды жүргізу функциясынан түсетін негізгі табыс тек 2026 жылдың соңына қарай пайда болуы мүмкін.

Осы көрсеткіштерден кейін Tesla акциялары биржада бірден 5%-ға арзандады. Сарапшылар компанияны алда күрделі кезеңдер күтіп тұрғанын айтады.

Барлық жаңалық