Жаңалықтар

Жемқорлық күдігі: Қызылордадағы шенеунік қызмет бабын асыра пайдаланған

Қызылорда облысында ҚР Энергетика министрлігіне қарасты Атомдық және энергетикалық бақылау мен қадағалау комитетінің аумақтық бөлімінің жетекшісі қызмет бабын теріс пайдаланды деген күдікке ілікті. Бұл туралы ozgeris.info сайты DKnews.kz порталына сілтеме жасап хабарлады.

 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі таратқан мәліметке сәйкес, шенеунік жер қойнауын пайдаланушылардан жүйелі түрде қаржылай пайда табуға бағытталған заңсыз схеманы ұйымдастырған болуы мүмкін.

 

Аталған фактіге байланысты күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы (лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану) және 364-бабы 1-бөлігі (кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу) бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Қазіргі таңда сот шешімімен ол қамауға алынды.

 

Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, алдын ала тергеу барысындағы өзге мәліметтер жарияланбайды.

Барлық жаңалық