💰 Экономика

Халықтың мойнында 24 трлн теңге кредит бар

Халықтың мойнында 24 трлн теңге кредит бар

Ұлттық банк дерегін сәйкес, 2025 жылғы 1 шілдеде экономикаға берілген кредит көлемі 44,5 трлн теңгеге жетті. 2024 жылғы маусымдағы көрсеткіштен 8,1 трлн теңгеге немесе 22%-ға артық. Соның 20,4 трлн теңгесі бизнестің алған несиесі болса, халықтың мойнындағы кредит 24 трлн теңгеден асты, деп жазады Ozgeris.info.

Соның ішінде банк секторынан берілген кредит бір жылда 6,8 трлн теңгеге өсіп, 38 трлн теңгеден асты. Бұл – бүкіл несиенің 85%-ы. Халық та, бизнес те банк арқылы несие алуды жалғастырып жатыр.

Микроқаржы ұйымдарынан берілген кредиттер 3 трлн теңгеге жетті. Бір жылда өсім 500 млрд теңге. Бұл ұйымдар көбіне кепілсіз тұтынушылық несие береді.

Квазимемлекеттік сектордан келген қарыздар 3,2 трлн теңге болды. Бір жылдағы өсім шамамен 800 млрд теңге. Бизнеске берілген кредиттер 1 жылда 3,6 трлн теңгеге көбейіп, 20,4 трлн теңгеге жетті. Кәсіпкерлер инвестиция мен айналым қаржысына көбірек несие алып жатыр.

Халыққа берілген кредит көлемі 24 трлн теңгеден асты. Бір жыл ішінде 4,5 трлн теңгеге немесе 23%-ға өскен. Тұрғындар негізінен ипотека, автонесие және тұтынушылық қарыз алады.

Барлық жаңалық