Жаңалықтар

Ердоған Илон Масктан Түркияға Tesla зауытын салуды сұрады

Ердоған Илон Масктан Түркияға Tesla зауытын салуды сұрады
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Нью-Йоркте америкалық кәсіпкер Илон Маскпен кездесті. Бұл туралы «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы Түркия президенті жанындағы Қоғамдық істер басқармасының Х әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. Кездесу барысында саясаткер миллиардерді Түркияда Tesla электр көлігін шығаратын жетінші зауыт ашуға шақырды. Ердоған Түркияның ғарыш бағдарламасы аясында SpaceX-пен ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігіне тоқталды. Сондай-ақ Ердоған америкалық кәсіпкерді қыркүйек айының соңында Түркияның Измир қаласында өтетін технология көрмесіне қатысуға шақырды.
Барлық жаңалық