Әнші Сәкен Майғазиевтің келіні Әдия өз парақшасында видео бөлісіп, жұрттан оңбай сөз естіді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Әдия видеода басына қара орамал салып отыр. Жұрт ә дегеннен сын айтып, тыйым жасап жатыр.
"Қара орамалды орыстар тағады", "Енесі қара тақпа деп айтса болады, бірақ тыңдар құлақ болса", "Қара тартқаныңыз қалай, өз еліңіз Маңғыстаудан ғой. Әжелеріңнің қара кигенің көріп пе едің?", "Жап-жас келін қара жамылып не көрінді? Аппақ орамал жарасады ғой. Қазіргі жастарды түсінбейсің. Басқа дінге ме, сектаға кіріп кеткен бе?", - деп жазып жатыр желі қолданушылары.
![]()