Астана қаласы

Елорда прокуратурасы сотталғандардың құқықтарын қорғады

Астана қаласының прокуратурасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандардың жұмысын ұйымдастырудағы заңдылықтың сақталуын тексерді. Жалақыны уақтылы төлемеу, сотталғандармен жеке еңбек шарттарын дұрыс жасамау, сондай-ақ  еңбек заңнамасында көзделген жұмыс уақытынан (тәулігіне 12 сағаттан) артық жұмыс істейтін сотталғандарды пайдалану фактілері анықталды. Қадағалау актісі бойынша сотталғандарға жалақы төленді, лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Астана қаласының прокуратурасы

Барлық жаңалық