Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы Монреаль турнирінде өнер көрсетуін аяқтады. Жартылай финалда ол күтпеген жерден канадалық Виктория Мкободан 1:6, 7:5, 7:6 есебімен жеңіліп қалды, деп жазады Ozgeris.info.
Жеңіліске қарамастан, Рыбакина бұл турнирден аз табыс тапқан жоқ. Жартылай финалға дейін жеткені үшін ол 206 100 доллар (яғни шамамен 110 миллион теңге) сыйақы алды. Бұған қоса, оның қоржынына 390 рейтингтік ұпай қосылды.
Айта кетейік, бұл нәтиже Еленаның әлемдік рейтингтегі орнын сақтап қалуына немесе жақсартуына ықпал етуі мүмкін.