💰 Экономика

Доллар 573 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Қазақстан қаржыгерлері алдағы бір жылда доллар бағамы шамамен 573 теңгеге жетеді деген болжап жасады, деп жазады Ozgeris.info. 

Бұған дейінгі болжам 548,5 теңге еді.  Долларды былай қойғанда, болжамның өзі өсіп барады. Бір айлық күтулер де өзгерді.  523,4 теңгенің орнына 541,7 теңге деп бағаланып отыр. Қазіргі уақытта KASE-де доллар шамамен 540 теңге шамасында саудаланып жатыр.

Сарапшылар теңгенің әлсіреуін нарықтағы негізсіз құбылмалылықпен, ішкі сұраныстың өсуімен және шикізат бағасының тұрақсыздығымен байланыстырады. Мұндай жағдайда Ұлттық банк инфляциялық қысымды тежеу үшін қатаң ақша-несие саясатын сақтап, базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтеруі мүмкін.

Шілденің соңында доллар 550 теңгеге жеткен кезде Ұлттық банк 125,6 миллион долларлық интервенция жүргізген еді. Дегенмен, мамандардың айтуынша, мұндай қысқа мерзімді шаралар теңгені ұзақ уақыт бойы тұрақтандыруға жеткіліксіз, ол үшін тереңірек экономикалық қадамдар қажет.

Барлық жаңалық