"2011 жылы бұл мәселені билік те қолға алып, барлық министрлік пен Бас прокуратура мен Жоғары сот та қолдағанда, қай орган қарсы болды?!. Тек Ұлттық Қауіпсіздік комитеті қарсы шығып, осы тыйым салу заңға енбей қалды. Мен мұны сол кезде Ұлттық Қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған конференцияда «Радикалдық теріс ағымдарға қарсы заң қабылдауға тек сіздер ғана қарсы болдыңыздар! Арамшөптің тамырын жоймаса, тек бетін ғана шапқан болса, ол қайта қаулап шыға береді. Сіздер осылай елді алдап келесіздер!» – деп, ашық айтқан едім. ”Қазақ үні” газетіне “Ұлттық қауіпсіздік комитеті - ұлтқа қауіпті комитет пе?”-деген мақала да жаздық. Енді сол күдігіміз кешегі ҚАҢТАР қасіретінде расқа айналды. Ал 2009 жылы да дін заңына өзгерістер енгізілетін болды да, біз “Қазақ үні” газетінде Діни басқармамен бірігіп, заңға діни ағымдарға тыйым салатын бап енгізу мәселесін көтердік. Бірақ соның өзінде біздің сол кездегі солқылдақ билік осы тыйым салу бабын енгізе алмады. Сол кездерде сол заңдар қабылданғанда, содан кейінгі, ақыры Қаңтардың қанды қасабына айналған небір қайғылы оқиғалар, бір ұлттың діни теріс ағымдар арқылы екіге бөлінуі секілді қасіреттер болмас еді… Кезінде академик Рахманқұл Бердібай “Қазақ үні” газетінде жазғандай, “Хазария қасіретін” ұмытпайық! 7-10 ғасырларда өмір сүрген, 1) еліне барлық діни ағымдарды кіргізген, 2) көп дінді, көп тілді ел, 3) билігінен бастап, саудагерлеріне дейін өзге тілде сөйлеген Хазариядай түркі мемлекеті қазір қайда? Жоқ! Картада жоқ!-Жойылып кетті! Біздің ел бұдан сабақ ала ма, жоқ па? Тағы кімнің көңіліне қарап, кімнің батасын күтіп отырмыз?!. ”Діні бар да, ұлты жоқ, Сақалы бар да, мұрты жоқ, Ел түбіне сол жетер! – деп, бір ғасыр бұрын жазған Мәшһүр Жүсіп әулие шынында көреген екен. Мен өзім осы жасымда кешеге дейін мұрты жоқ сақалдыларды көрген емеспін. Мұрты жоқ, тек сақалы сапсиып тұрған Хан Абылайды, Әйтеке, Төле, Қазыбек билерді, Ер Махамбет, Ұлы Абай, Жамбыл, Әлихандарды елестете аламыз ба?!. Жоқ! Қазіргі шет елге барып, күмәнді оқуларда бірнеше ай оқып келіп, желіде желпініп дәріс оқитын теріс ағымды «ұстаздар» осы ұлыларымыздан артық, ақылы асып, білімі тасып келгендер ме? Қазір ән әлемінде, айтыста, спортта да тайраңдап жүрген жат ағымның өкілдері дінді жамылып алып, әріптестері мен әнсүйер, жанкүйерлеріне өз «салттарын» кіргізіп жатыр. Өткен 30 жылдық теріс саясат қазақтың «нұр» деген жалынды сөзін жағымсыз сөзге айналдырса, теріс діни ағымдағылар тіпті, ең қымбат, ана деген аяулы атпен қатар аталатын «Шеше» деген қастерлі атауға қара күйе жағып, «ұстаз» деген ұлағатты ұғымның мәнін құртты. Діни теріс ағымдағылар елді екіге бөліп, мылтықсыз-ақ мыңдаған жастарымызды қазақтың қатарынан шығарып қана қоймай, ұлтты жою үшін елге қарсы қауіпті күштерге айналдырып жатыр. Дінге, тілге, жерге қарсы елбұзар теріс ағымдардың бәріне заңмен тосқауыл қойылуы тиіс! Ел үшін ең қымбат Ұлтқа, адам үшін ең аяулы - Әке-Шешеге, Қазаққа ең адал Домбыраға қарсы харам пиғылдылардың еркін тарап жатқан Ел түбіне жетер қауіпті вирусын шұғыл заңмен тоқтататын кез жетті! Ұлттық мүддеміз бен дәстүрімізге, ел бірлігіне балта шауып, Мемлекетке тағы да қатер төндіріп жатқан Діни теріс ағымдарға заңмен қатаң тыйым салу қажет! Бұдан кейін кеш болады!", - деді депутат Қазбек Иса.
Жаңалықтар
Діни радикализмге заңмен қатаң тыйым салатын кез жетті!
10.10.2023
152
«Ақ жол» партиясы діни радикализмге заңмен қатаң тыйым салуды талап етеді. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалын Қазыбек Иса жариялады, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо.
Депутаттың сөзінше, олар ұлтты жою күресін қатты қарқынмен жалғастырып жатыр. Осыған дейін “Ақ жол” партиясы парламентте талай жылдан бері діни теріс ағымдарға қатаң тосқауыл қоятын заң қабылдауды ұсынып келді.
-
«Құрмет» орденінің иегері Атырау облысының әкімі болып сайланды10:16, 17 шілде 2026
-
-
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қызметінен босатылды09:42, 17 шілде 2026
-
-
7 адам оқиға орнында ажал құшты: Түркістан облысында қайғылы жағдай болды02:00, 17 шілде 2026
-
15 жастағы қазақстандық Кәрім Меңдіқанов «Барселона» ойыншысы атанды00:00, 17 шілде 2026
-
-
«Ресми табыстады»: Тоқаев белгілі әншіні арнайы құттықтаған20:41, 16 шілде 2026
-
-
«Семей орманындағы» ірі өртті сөндіруге 500-ден аса адам мен 7 тікұшақ жұмылдырылды19:00, 16 шілде 2026
-
"Жат болып кетеді екен": Айгүл Иманбаева күйеуінен бөлек тұрып жатқанын айтты (ФОТО)17:18, 16 шілде 2026
-
Маңғыстау халқы Джеки Чаннан жалынып көмек сұрады18:26, 16 шілде 2026
-
"Оң жағым тырысып істемей қалады": блогер Ырысбала денсаулығының нашарлағанын айтты15:28, 16 шілде 2026
-
-
-
Сәбиін унитазға ағызып жіберген: Астанада 29 жастағы әйел ұсталды12:00, 16 шілде 2026
-
«Ресми табыстады»: Тоқаев белгілі әншіні арнайы құттықтаған20:41, 16 шілде 2026
-
-
7 адам оқиға орнында ажал құшты: Түркістан облысында қайғылы жағдай болды02:00, 17 шілде 2026
-
-
"Шікірейіп, бата да бермеді": Жүрсін Ерман Димашты суық қарсы алды (ВИДЕО)09:00, 14 шілде 2026
-
"Әйгерімге ұқсайды екен": Нұрлан Әлімжан өз әйелін көрсетті (ВИДЕО)11:42, 10 шілде 2026
-
"Екі байы да келген": Динара Сәтжанның ұлының құдалығы талқыға түсті (ВИДЕО)10:13, 11 шілде 2026
-
"Өлігін көметін жердің ақшасын төлеу керек": Айгүл Иманбаева сұмдық ақпар айтты15:16, 10 шілде 2026
-
"240 мың төлеген": Қайрат Нұртас кішкентай қызды қонақүйге шақырған (ФОТО)14:16, 10 шілде 2026
-
"Жүрегім тарсылдап тұр": Айгүл Иманбаева пышаққа түсетінін айтты (ВИДЕО)16:37, 13 шілде 2026
-
"Иманғали ағамыз ұрысты": Тұрсынбек Қабатов Тасмағамбетовтен сөз естігенін айтты11:06, 13 шілде 2026
-
"Отбасындағы жағдай дұрыс емес": Данияр Елеусіновтің менеджері шындықты айтты11:22, 10 шілде 2026
-
-
"Мойындау керек!": Димаштың анасы Алтайда болған жайтқа қатысты пікір білдірді17:11, 14 шілде 2026
-
"Қасіреттен қан жұтып жүр": Нұрғали Нүсіпжанов әйелі Жадыраның жағдайынан хабар берді15:01, 21 маусым 2026
-
"Шікірейіп, бата да бермеді": Жүрсін Ерман Димашты суық қарсы алды (ВИДЕО)09:00, 14 шілде 2026
-
"Ол кез келген қадамға барады": Жұмабек Жанықұлдың бұрынғы әйелі бар былығын ашты11:16, 26 маусым 2026
-
“Бәрін біліп отырсыздар!”: Төреғалидің әйелі зілді жазба жариялады14:32, 22 маусым 2026
-
-
"Күн сайын үйде ұлы айқай": Гүлнұр Оразымбетова көрген қорлығын айтты09:00, 07 шілде 2026
-
"Әйгерімге ұқсайды екен": Нұрлан Әлімжан өз әйелін көрсетті (ВИДЕО)11:42, 10 шілде 2026
-
"Келінді аяп кеттім": Сәкен Майғазиев немересінің анасына құрметсіздік көрсеткен (ВИДЕО)09:00, 19 маусым 2026
-
Динара Сәтжан кәсіпкердің бұрынғы әйеліне мысқылмен жауап берді15:53, 26 маусым 2026
-
"Екі байы да келген": Динара Сәтжанның ұлының құдалығы талқыға түсті (ВИДЕО)10:13, 11 шілде 2026