Шымкент қаласы

Денесінің 80%-ы күйген бала жансақтау бөлімінде

Шымкентте 11 жастағы бала 27 мың вольттық электр тоғына түсіп, ауыр жарақат алды, деп жазады ozgeris.info сайты Alash.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Оқиға 27 тамызда жүк вагондары тұрған аумақта болған. КТК арнасының хабарлауынша, жасөспірім арнайы баспалдақпен көтеріліп, вагонның төбесіне шыққан сәтте жоғары кернеулі тоқ соққан. Салдарынан оның денесінің 80 пайызы күйіп қалған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы өте ауыр деп бағалануда.

 

Полиция дерегінше, бала вокзал аумағына ресми кіреберіс арқылы өтпегендіктен, бақылау камераларына түспеген. Қауіпсіздік талаптарының бұзылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

«Теміржол – аса қауіпті аймақ. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің “Темір жол көлігін пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын бұзу” бабымен іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр», – деді Шымкент станциясы желілік полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Қошқарбеков.

Барлық жаңалық