Англияның «Бернли» клубы қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтпаевтың командамен бірге жаттығуға қайта кіріскені туралы жазды, деп хабарлайды Ozgeris.info
Бұл ақпарат клубтың ресми Instagram парақшасында жарияланды. «Бернлидің» бас бапкері Никки Хайен Дастан Сәтпаевтың жаттығуға оралғанын және оның осы демалыс күндері өтетін матчқа қатысуы мүмкін екенін растаған.
«Бас бапкер Никки Хайен Дастан Сәтпаевтың жаттығуға оралғанын және осы демалыс күндері өтетін ойынға іріктеуге қатысатынын растады», – деп жазды клубтың ресми парақшасы.
Осылайша, қазақстандық футбол жанкүйерлері Сәтпаевтың «Бернли» сапындағы келесі ойында алаңға шығуын асыға күтуде.