Танымал мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза жол-көлік оқиғасына ұшырағанын әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазды ozgeris.info
Ол оқиға орнынан түсірілген видеоны жариялап, аман қалғанына шүкіршілік білдірген.
«Қайта туған күн. Аман болайық. Бір Алла сақтады», – деп жазды Ақмоншақ Нұртаза.
Желі қолданушылары мен өнер, қоғам өкілдері оған қолдау білдіріп, тезірек сауығып кетуін тіледі.
Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы мен зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.