Дәрігерлер жол апатынан зардап шеккен атақты спортшы Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлының жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.
«Рахмоновтар алдын ала диагнозбен травматология бөліміне жатқызылды: жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының контузиясы», - деп соңғы ақпаратпен бөлісті департаменттің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ зардап шеккендердің Шу қалалық ауруханасына жатқызылғаны белгілі болды.