Жаңалықтар
«Банк Астана» негізін қалаушы Олжас Тохтаров 10 жылға сырттай сотталды
30.04.2025
227
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, АО «Банк Астана» директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы әрі негізгі акционері Олжас Тохтаров банктің ақшалай қаражатын агенттік қызмет көрсету түрінде жымқырып, Алматы қаласындағы бизнес-орталықты банкротқа дейінгі кезеңде өзінің бақылауындағы компанияға заңсыз өткізу арқылы иемденгені үшін кінәлі деп танылды. Ол сырттай 10 жылға бас бостандығынан айырылып, жалпы сомасы 14 млрд теңгеден асатын тұрғын үй, әкімшілік және өндірістік нысандар, құрылыстар, жер телімдері, бағалы қағаздар мен криптовалюта түріндегі мүлкі тәркіленді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты КазТАГ агенттігіне сілтеп.
2025 жылғы 22 сәуірде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Банк Астана» АҚ-ның бұрынғы топ-менеджменті мен қызметкерлеріне қатысты үкімді жариялады.
Сотта филиал, бөлім және менеджерлер деңгейіндегі бұрынғы басшылар да кінәлі деп танылды. Алайда олар тергеу органдарымен және сотпен ынтымақтастық танытып, кінәсін мойындап, заңсыз әрекеттерді ашуға көмектескендіктен, оларға бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындалды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Тергеу барысында анықталған мүліктердің Тохтаровқа тиесілі екені дәлелденген. Олардың бір бөлігі аффилиирленген тұлғалардың атына рәсімделген.
2024 жылғы 25 қыркүйекте агенттік Тохтаровты жауапқа шақырған. Алайда оның шетелде жүргені хабарланған. 2025 жылғы 13 сәуірде бұл іс сотта қаралып жатқаны белгілі болды.
Айта кетейік, 2018 жылдың сәуірінде сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «ЭксимБанк», «Банк Астана» және Qazaq Banki-дің жұмысын «масқара» деп атап, олардан қаражатты қайтаруды талап еткен болатын.
Сол кезде «ЭксимБанк» пен Qazaq Banki елдің бұрынғы элитасы — Назарбаевтың қызы Дариға, күйеубаласы Қайрат Шәріпбаев, олигархтар Александр Клебанов пен Дінмұхаммед Ыдырысов (экс-мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің құдасы), сондай-ақ марқұм Болат Назарбаевпен байланыстырылған.
-
Тоқаевтың араласуымен Польшада қамалған қазақстандық бостандыққа шықты11:12, 02 мамыр 2026
-
-
Ақтау портының экс-президенті 8 жылға сотталуы мүмкін09:20, 02 мамыр 2026
-
Бірлік күніндегі ерен іс: «Жаңа адамдар» бір тоннадан астам қан жинады06:40, 02 мамыр 2026
-
"Менің шәкіртім емес!": Есен Елеукен пойызда ылаң салған жайдарманшыдан сырт айналды18:58, 01 мамыр 2026
-
-
Әлем ұшақ билетін қымбаттатып жатыр: Елімізде әуе отыны неге күрт арзандады17:21, 01 мамыр 2026
-
-
Кредит карта: қалай пайыз төлемеуге болады?16:05, 01 мамыр 2026
-
-
-
Астана тұрғыны жұрттың көзінше әйелін аяусыз сабаған15:22, 01 мамыр 2026
-
"Енді концерт бермеймін": Роза Әлқожа әбден көңілі қалғанын айтты12:07, 01 мамыр 2026
-
-
Атырауда ағайындылар арасында атыс болды14:40, 01 мамыр 2026
-
Он жылдық еңбек: Байқоңырдан "Сұңқар" зымыраны алғаш рет көкке көтерілді11:51, 01 мамыр 2026
-
"Менің шәкіртім емес!": Есен Елеукен пойызда ылаң салған жайдарманшыдан сырт айналды18:58, 01 мамыр 2026
-
-
-
Манчестер төріндегі үлкен бокс: "Үлкен өзбектің" жаңа жекпе-жегі қашан өтеді14:38, 01 мамыр 2026
-
-
"Іріңдеп кеткен": Гүлзира Айдарбекова қазіргі жағдайынан хабар берді10:02, 29 сәуір 2026
-
"Адам өледі, ажал қалады": Хасанғалиевтің ұлы қайғылы жазба жариялады (ФОТО)14:27, 30 сәуір 2026
-
-
-
"Жыныс мүшесін көрсетті": Тағы бір блогердің былығы жария болды (ВИДЕО)10:21, 28 сәуір 2026
-
-
Астана тұрғыны жұрттың көзінше әйелін аяусыз сабаған15:22, 01 мамыр 2026
-
"Көзін алмай қарап жүр": Назарбаевтың тоқалы сән көрсетілімінде төбе көрсетті (ФОТО)12:22, 27 сәуір 2026
-
"Енді ұл тусам": Баян Алагөзова ешкім күтпеген жаңалығын жария етті16:40, 28 сәуір 2026
-
"Жұғысты болсын": Интим видеолары тараған асаба сүйінші сұрады (ВИДЕО)09:30, 16 сәуір 2026
-
-
-
"Дендері сау ма": Эротикалық видеосы тараған асаба халықтан көмек сұрады (ВИДЕО)15:13, 16 сәуір 2026
-
-
-
-
-
"Жылап жібердім": Мөлдір Әуелбекова жаңалығымен көпті қуантты11:35, 15 сәуір 2026
-
"Өмір өте қысқа екен": Бейбіт Қорған марқұм анасын жоқтады (ВИДЕО)14:47, 15 сәуір 2026