Бұл жерде норматив пен субсидия сомасы артық көрсетілгенін байқау қиын емес. Мәселен, фермердің шын мәнінде 500 гектар жері болғанмен, ескі жүйе арқылы қолмен 1000 гектар деп көрсетіп, яғни, субсидияны өзіне тиесілі мөлшерден артық алып алуы мүмкін. «Qoldau» жүйесінде кездесетін тағы бір өрескел заң бұзушылық – фермер қолмен енгізген егістік карталарындағы жерлер іс жүзінде тіпті игерілмеген. Яғни субсидияны пайдаланып алған тұқым, тыңайтқыш, пестицидтар көрсетілген егіс алқабына қолданылмаған. Мұның бәрі әрине агроөнеркәсіп кешеніндегі барлық көрсеткіштерден көрініс табады. Бөлінген қаржы көп, бірақ құмға сіңген су сияқты.
Сондықтан бірден айтайын, процесті ретке келтіру қажет және министрлік қай жерде, кімге, қандай мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатқанын анық біліп отыруы керек.
ЕКІНШІДЕН, Қаржы министрлігімен бірлесіп, электронды шот-фактураларды бұғаттау үшін енгізген жүйе біраз былықтың бетін ашты. Енді электрондық шот-фактурамен өтініш беру үшін оны сатушымен бұғаттау керек. Осылайша, субсидия алғаннан кейін кері қайтарып алу қаупі толығымен алынып тасталады. Егер бұрын шаруа бір ғана шот-фактурамен мемлекеттік қолдауға бірнеше рет өтініш бере алған болса, енді Gosagro жүйесінде ондай қулық жүрмейді. Qoldau жүйесінен осындай да фактілер анықталды.
ҮШІНШІДЕН, тыңайтқыш алуға субсидия беру мәселесі талқыланып жатыр. Барлық облыстың фермерлері өтініш бере алмай отырғаны айтылуда. Бірақ мұнда бәрі ережелерге сәйкес және ол бәрімізге белгілі. Тыңайтқыштарды субсидиялаудың, пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) субсидия беру тізбесі мен нормалары жергілікті атқарушы органның, яғни жергілікті атқарушы органдардың қаулысымен бекітіледі. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда бұл нормаларды тек 7 облыс қана бекітті. Атап айтқанда, Түркістан, Жамбыл, Ақмола, Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе және Жетісу облыстары бойынша ғана өтінім түсіп жатыр.
Сондай-ақ, нормативтерді бекітпеген облыстардың Ауыл шаруашылығы басқармаларының кейбір мамандары тыңайтқышқа өтінім беру мүмкіндігін жоқтығы туралы шаруалар мен журналистердің сұрағына жауап бергенде мәселені порталға қарай сілтей салады екен. Шын мәнінде Gosagro.kz порталы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Басқармалар нормативті әлі бекітпегенін мойындағанның орнына барлық айыпты жүйеге және министрлікке жаба салуды жөн көреді. Әріптестер, бұған қанша уақыт кететінін еске салудың қажеті жоқ шығар, сондықтан қажет нормативтерді бекіту процесін жылдамдатқаныңыз жөн.
ТӨРТІНШІДЕН, жаңа жүйеде толыққанды дұрыс жұмыс істеуге шаруалардың да, Ауыл шаруашылығы басқармасы қызметкерлерінің де біліктілігі жетпей тұрған сияқты. Бірнеше күн бұрын ғана министрлікте Түркістан облысының фермерлерімен кезекті кездесу өтті. Оған Мәжіліс депутаттары Тимур Қырықбаев пен Мурат Кадырбек те қатысты. Фермерлер “жүйе жұмыс істемейді” деп бой бермеді. Анық-қанығын білу үшін тексерген кезде әлгі жүйе жұмыс істемейді деп байбалам салғандар тіпті порталға тіркелмеген болып шықты. Дәл осы кездесуде дәлел ретінде Түркістан облысы бойынша түскен және мақұлданған өтінімдерді көрсетілді. Мүндай кейстер жеткілікті, сондықтан біз фермерлерді жүйеде жұмыс істеуге үйрету міндетін негізгі және маңызды деп есептейміз.
Бұл мақсатта негізгі салалар бойынша 6 телеграмм-чат құрылды.
Көпарналы колл-орталық жұмыс істеп тұр: +77172677117, +77076421032. YouTube арнасында Gosagro.kz порталымен жұмыс істеуді үйрететін бейнеролик те бар.
Жүйемен жұмыс істеуді үйрететін телеграмм-боттар әзірленіп болып қалды. Алдағы бір-екі күнде оқыту жүйесін әзірлеуші мамандарды ең бірінші оңтүстік өңірлерге жібереміз. Бұдан ары бұл бағытты күшейтетін боламыз.
Сөз соңында айтарым, бұл салада біржола тәртіп орнату қажет! Егер фермердің жерге қатысты мәселелері толық реттелген болса, барлық құжаттары сәйкес келіп тұрса, біріктірілген мәліметтер базасы расталса өтініш беру жағынан ешқандай қиындық болмайды. Бүгінгі күні жаңа жүйе 12 мыңнан астам өтінімді сәтті өңдеп, оларды облыстардың ауыл шаруашылығы басқармасына қарау үшін өтінімдердің ашық тізіліміне енгізді.
Иә, жүйе бұрынғыдай “бармақ басты, көз қысты” немесе әркім өзі қалағандай жұмыс істемейді, бұл қазір фермерлер мен АШБ мамандары үшін қиындықтар туғызып отыр. Құрметті достар, тағы да түсіндіргім келеді, субсидиялау жүйесінің ашықтығын арттырудың барлық жаңа тәсілдері Министр Қарашөкеевтің қателігі емес, АШМ-нің транспаренттілікті арттыру және адами факторды жою жөніндегі қағидаттық ұстанымы.
Төлемдер субсидиялаудың барлық бағыттары бойынша жүргізіліп жатыр. Құр сөзбен емес, осы уақытқа дейін соңғы сандарды келтіремін: Барлық бағыттар бойынша берілген 12 095 өтінімнің ішінен АШБ-ның қарау қорытындысы бойынша күту парағына "төлем жасау үшін" мәртебесіне жалпы сомасы 6 млрд.151 млн. теңгенің өтінімі жолданды.
Qoldau–дың 2022 жылғы қарыздары бойынша (қарыздары мен проценттік ставка кестесі):
Проценттік ставка бойынша – 8 млрд 743 млн теңге төленген, 12 млрд 137 млн теңге төлем алуға жолданды. Инвестсубсидия бойынша – 18 млрд 486 млн теңге төленді.
Айтпақшы, бұл цифрларды кез келген адам портал арқылы онлайн режимде тексеріп көре алады. Тіпті, әсіресе көптеген ірі АШТӨ мұндай мәліметтердің ашық жарияланғанын қаламаса да.
Қорыта айтқанда, біз Gosagro.kz жүйесінің барлық мәселесін шешу үшін конструктивті диалог жүргізуге әрқашан дайынбыз және ашықпыз.
Деп жазды Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.
Жаңалықтар
Ауыл шаруашылығын дамытудың басым бағыттары
10.04.2023
167

-
-
Денсаулық министрі Тоқаевқа саланың қазіргі жай-күйі жайлы есеп берді17:43, 10 наурыз 2026
-
Азық-түлік бағасы неге өзгеріп жатыр?17:38, 10 наурыз 2026
-
Биыл үй арзандай ма?17:29, 10 наурыз 2026
-
Атыраудағы қанды қылмыс: Күдікті Ақбаян Мұқанғалиева арнайы орталыққа жатқызылды17:18, 10 наурыз 2026
-
БЖЗҚ ақшасын тіс емдеуге қайта пайдалану мүмкін бе?17:15, 10 наурыз 2026
-
Вьетнамда жоғалып кеткен қазақ қызы елге қайтатын болды17:05, 10 наурыз 2026
-
Атыраудағы жұмбақ өлімге қатысты дерек шықты ма?16:27, 10 наурыз 2026
-
"Инфаркт алдым": Мақпал Жүнісова жансақтауға түсіп, бір өлімнен аман қалды (ВИДЕО)16:21, 10 наурыз 2026
-
"Бірінші айнаға қарап алыңдар!": Тұрсынбек Қабатовтың тоқалын ашуландырған кім (ФОТО)15:49, 10 наурыз 2026
-
"Түбі қайтып барады": Тұрсынбек Қабатов Мөлдірден туған балаларымен бас қосты (ВИДЕО)09:00, 10 наурыз 2026

"Бала туған соң ажырастым": Айжан Нұрмағамбетова отбасы жайлы алғаш рет айтты (ВИДЕО)12:12, 10 наурыз 2026
-
"Үйленуден жалықпайды екен": Әбілмансұр Серіков үшінші рет шаңырақ көтерді (ФОТО)09:56, 10 наурыз 2026
-
Белгілі қазақ чемпионы 31 жасында қаза тапты14:39, 10 наурыз 2026
-
Атыраудағы жұмбақ өлімге қатысты дерек шықты ма?16:27, 10 наурыз 2026
-
Алматыда «Менің дауысым – менің күшім» ұранымен қыздар шеруі өтті13:42, 10 наурыз 2026
-
Михаил Шайдоровқа тағы да су жаңа көлік сыйлыққа берілді12:51, 10 наурыз 2026
-
«Қазақмыс» Шатыркөл-Жайсаң кәсіпорындарын басқаруға дайын13:54, 10 наурыз 2026
-
"Ауыр тиіп, қартайып кетіпті": Тұрсынбектің анасы желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)10:46, 05 наурыз 2026
-
Тоқаевтың экс-баспасөз хатшысы Руслан Желдібай ет жақынынан айырылды10:56, 04 наурыз 2026
-
"Жылап отырмын": Жазира Байырбекова елге жеткенін хабарлады (ВИДЕО)10:29, 06 наурыз 2026
-
"Әкем басқа әйелге кетті": Ақбота Керімбекова жан сырын ақтарды (ВИДЕО)13:14, 06 наурыз 2026
-
"Жүзің жүрегімді тіліп барады": Нұрғали Нүсіпжанов жас әйеліне сезімін білдірді16:22, 08 наурыз 2026
-
"Түбі қайтып барады": Тұрсынбек Қабатов Мөлдірден туған балаларымен бас қосты (ВИДЕО)09:00, 10 наурыз 2026
-
"200 млн тұрады": Баян Алагөзова мерекеде күйеуі аянып қалмағанын айтты15:50, 09 наурыз 2026
-
Шұғыл! Атырауда жоғалған отбасының екі мүшесі табылды21:20, 09 наурыз 2026
-
"Инфаркт алдым": Мақпал Жүнісова жансақтауға түсіп, бір өлімнен аман қалды (ВИДЕО)16:21, 10 наурыз 2026
-
"Отбасының шырағы": Динара Сәтжанның күйеуі алғаш рет тележүргізуші туралы жазды17:50, 09 наурыз 2026
-
"Әлі алдыма келесіңдер": Роза Рымбаеваның ұлы ашуға булықты (ВИДЕО)10:01, 13 ақпан 2026
-
"Қайғымды қайдан ұқсын": Димаштың күйеу баласы күтпеген жазба жариялады (ФОТО)09:29, 12 ақпан 2026
-
«Жасым мыңға келіп мінгенім қалай»: Димаш Құдайберген қырғыз қызбен алтыбақан тепті04:06, 16 ақпан 2026
-
"Бар жағдайын жасап алыпты": Нұрлан Имамның үйі желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)10:39, 03 наурыз 2026
-
"Ақылыңды бір жеріңе тығып қой": Саят Медеуов өнердегі әріптесін сынға алды12:37, 27 ақпан 2026