Қоғам

Атырауда бір күнде 78 бала жоғалып кеткен

Атырауда бір күнде 78 бала жоғалып кеткен

Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара кезінде Атыраудағы Исатай - Махамбет алаңында 78 бала ата-анасынан көз жазып қалған. Олардың барлығы жедел табылып, заңды өкілдеріне табысталды, деп хабарлайды ozgeris.info ІІМ-нің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, балалардың көбі бір сағатқа жетпей табылды.

Тек бір жасөспірімді полицейлер үш сағатқа жуық іздеген. Шара барысында ата-анасынан көз жазып қалған 7 жастағы бала бейнекамералар арқылы анықталды. Бүлдіршін анасын таппаған соң, бірден оның жұмыс орнына баруға шешім қабылдаған. Балақайды камера арқылы анықтаған инспекторлар анасына әкеп қауыштырды.

Мұндай оқиғаларға байланысты полиция ата-аналарға адам көп жиналатын орындарда балаларға мұқият болуды, оларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Барлық жаңалық