Атырау облысының Индер ауданына қарасты Есбол ауылында жер үйден екі ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымы хабарлайды.
Қайғылы оқиға 8 желтоқсан күні болды. Үй иесі – 1976 жылы туған ер адам, үйінде жалғыз тұрып келген. Сол күн оның қонағы да болған. Екеуі де сол жерде жан тапсырған.
Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің дерегінше, газбен улану нұсқасы жоққа шығарылды. Ер адамдар қатты қызған пештің қасына тым жақын ұйықтап қалған болуы мүмкін, бұл ағзаның шамадан тыс қызуына әкеліп, қайғылы салдарға соқтырды деп болжанып отыр.
Марқұмдардың қазасының нақты себебін сараптама анықтайды, полиция тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.