Атырау облысының Құрманғазы ауданында әкімдік қызметкері қайтыс болды, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты Ақ Жайық сайтына сілтемемен.
«30 қазаннан 31 қазанға қараған түні Құрманғазы аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы өз-өзіне қол салған», – деп айтылған.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.