Қоғам

Астанада бір адамның бойынан 60 жын шықты – руқияшының даулы мәлімдемесі

Астанада бір адамның бойынан 60 жын шықты – руқияшының даулы мәлімдемесі

Руқия маманы, өзін жын шығарушымын деп таныстырған Кейқуат Оспанов бір адамның бойынан 60 жын шығарғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.

Оның сөзінше, мұндай жағдайлар тәжірибесінде жиі кездеседі.

"Астанада адам қабылдадым, 15-20 жын шығаратын уақыттар болады. 60 жын шығарған видеоларымыз бар. Бір адамның ішінен шықты, бөліп-бөліп 3 күн оқығанмын. Керек десеңіз, ішінде 150 жыны бар адам да бар", – деді Кейқуат Оспанов.

Сондай-ақ, ол кей адамдарға сиқыр арқылы жын кіреді деп есептейтінін жеткізді.

"Оған сиқырмен қызғанып, әжесі немересіне сала берген. Тамаққа бере берген. Ұлы қайтыс болып, немересін алып қалу үшін бақсыға барған", – деді ол.

Бұдан бөлек, сұхбат барысында Кейқуат Оспанов жынды қалай анықтауға болатыны жөнінде де пікір білдірді.

"Жын 3 жағдайда болады. Біріншісі – жын қағуы мүмкін, сыртынан қағып кетеді. Ол қорқақ адам болып қалады, жаманшылыққа үйір болады. Екіншісі – сиқырмен келетін жындар. Көреалмаушылықтан адамдар арнайы жасатады", – деді ол.

Барлық жаңалық