Жаңалықтар

Ақтөбеде 40 адамға жалған медициналық анықтама жасаған медбике құрықталды

Ақтөбеде 40 адамға жалған медициналық анықтама жасаған медбике құрықталды

Ақтөбеде 40 адамға жалған медициналық анықтама рәсімдеген медбике ұсталды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Ақтөбе облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында жалған медициналық анықтаманы беру кезінде қаланың клиникаларының бірінің ғимаратында медбикені ұстады.

Жедел ақпаратқа сәйкес, күдікті пайда табу мақсатында өзінің танысымен алдын ала сөз байласып, жалған медициналық құжаттарды (№075, №086 нысандағы анықтамалар және санитарлық кітапшалар) дайындау және сату бойынша заңсыз схема ұйымдастырған.

Анықталғандай, аталған тұлғалар клиенттерді міндетті зертханалық тексерулерден және бейінді мамандардың медициналық тексерулерінен нақты өткізбей-ақ жалған медициналық анықтамалар рәсімдеп отырған. Мұндай құжаттарды заңсыз рәсімдегені үшін олар жүйелі түрде 5 000-нан 10 000 теңгеге дейін ақшалай сыйақы алып келген.

Қазіргі уақытта осындай анықтамаларды сатып алған 40 азамат анықталды.

Жұмыс кабинетінде жүргізілген тінту барысында «Дерматолог», «Лаборатория», «Жарамады/Годен», «Реакция микропреципитации экспресс әдісімен» және «Анықтамалар үшін» деген жазулары бар жалған мөрлер табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деп хабарлады Ақтқбе облысының ПД баспасөз қызметі. 

Барлық жаңалық