МАҢЫЗДЫ

Ақтөбе облысында жоғалған баланың мәйіті табылды

Ақтөбе облысында жоғалған баланың денесі табылды, деп хабарлады облыстың полиция департаменті.
«Үздіксіз іздестіру шараларының нәтижесінде Елек өзенінде «Юрта» мейрамханасы маңында жоғалған кәмелетке толмаған Житру Кәрімнің денесі табылды», - делінген полиция хабарламасында.
Жоғалған баланы іздеу 4 тәулік бойы жүргізілді. Іздеуге 500 адам қатысты, соның ішінде полиция қызметкерлері, ТЖБ, еріктілер, сондай-ақ қызметтік иттер мен 40 бірлік техника, 3 квадроцикл, 2 қайық, 4 жылқы, дрондар пайдаланылды. Сондай-ақ, шатырлар мен үйлердің аулалары, кәріз люктері, қазылған шұңқырлар тексерілді.
"Полиция тексеру жүргізіп, қажетті сараптамалар тағайындады. Полиция департаменті қаза болған баланың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады ", - делінген хабарламада.
Бұрын хабарланғандай, 13 жасар бала 4 маусымда жоғалып кеткен. Ол атасымен әжесінің қонағында болды, жеке үйдің ауласынан шықты, кейін оны ешкім көрген жоқ. Сондай-ақ баланың аутизммен ауырғаны белгілі болды.
Барлық жаңалық