Жаңалықтар

Ақтауда алтын сағат сатып алмақ болған әйел жарты миллион теңгесінен айырылып қала жаздады

Ақтаудағы тұрғын алтын сағатты интернет-дүкеннен сатып алып, 515 мың теңгені толық төлегенімен, тауарын да, қаражатын да ала алмай қалған. Сатушы компания хабарласуды доғарып, тұтынушының шағымына жауап бермеген.

 

Оқиғаға нүкте тек Маңғыстау облысының сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті араласқаннан кейін қойылды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.

 

Зардап шеккен азаматша ведомствоға жазбаша түрде шағым түсірген. Арнайы бөлімнің мамандары дереу тексеру жүргізіп, сатушымен байланыс орнатты. Нәтижесінде дүкен иесіне ақшаны қайтару туралы ресми нұсқама берілді.

 

Бірнеше күннің ішінде сатып алушының есепшотына 515 мың теңге қайта аударылып, мәселе оң шешімін тапты. Департамент өкілдері мұндай жағдайда тұтынушыларға өз құқықтарын қорғаудан тартынбауға, заңға сәйкес тиісті органдарға жүгінуге кеңес берді.

Барлық жаңалық