Жаңалықтар

Ақмола облысында кәсіпкерлерге тиесілі қаражат қайтарылды

Ақмола облысында кәсіпкерлерге тиесілі қаражат қайтарылды

Ақмола облысының Атбасар ауданында прокуратура кәсіпкерлердің құқықтарын қорғап, бірнеше жыл бойы қайтарылмаған қаражатты өндіруге қол жеткізді деп жазды ozgeris.info сайты.

Қадағалау органының мәліметінше, барлығы 27 кәсіпкерге мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша тиесілі кепілдік сомалар толық көлемде қайтарылған.

Аталған қаражаттар кәсіпкерлер келісімшарт міндеттемелерін толық орындағаннан кейін бірден қайтарылуы тиіс болған. Алайда бұл талап іс жүзінде орындалмай, қаржы үш жылдан астам уақыт бойы қайтарылмаған.

Прокуратураның мәліметінше, Атбасар ауданының білім бөлімі келісімшарттар толық орындалғанына қарамастан, кәсіпкерлерге тиесілі қаражатты ұзақ уақыт бойы қайтармаған. Жалпы берешек сомасы 60 млн теңгеден асқан.

Бұл жағдай кәсіпкерлердің құқықтарын бұзып қана қоймай, мемлекеттік сатып алу жүйесіне деген сенімге де кері әсер еткен.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде кәсіпкерлердің құқықтары толық қалпына келтіріліп, қаражат толық қайтарылды.

Сондай-ақ заңбұзушылықтарға жол берген жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Барлық жаңалық