Жаңалықтар
«Ақ жол»: Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесін 10-12 пайызға төмендету керек
30.09.2023
93
Мәжіліс депутаты Асқар Садықов «ДАМУ» қорының «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында ШОБ несиелерін субсидиялаудың тоқтатылуы, сол арқылы кәсіпкерлікті дамытуға арналған тиімді бағдарламаға қауіп төнгені туралы айтты, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо.
Мәселен, қордың деректері бойынша субсидиялар бойынша берешек сомасы 201 млрд. теңгеден асады: Түркістан облысы бойынша 39,7 млрд.теңге сомаға 37 өтініш, Жамбыл облысы бойынша 28,5 млрд.теңге сомаға 82 өтініш, Алматы облысы бойынша 28,2 млрд.теңге сомаға 81 өтініш, Алматы қаласы бойынша 27,4 млрд.теңге сомаға 16 өтініш, Шымкент қаласы бойынша 13,3 млрд.теңге сомаға 41 өтініш, Атырау облысы бойынша 12,9 млрд.теңге сомаға 78 өтініш және т.б.
Осылайша, ДАМУ қорында қаражаттың болмауына байланысты кезекте тұрған кәсіпкерлерден 201,9 млрд теңгеге 699 өтініш бар.
Түптеп келгенде, жергiлiктi бюджеттер шеңберiнде қабылданып жатқан шараларға қарамастан, аймақтардың барлығы қажеттi көлемде қаражат бөліп бере алмайтынын ескерген жөн.
Ал субсидия тапшылығына байланысты бұл жағдай бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Бұл мәселеде «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы мына сұрақтар бойынша тиісті шаралар қабылдауды талап етті:
1) Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы, «Бизнестің жол картасы-2025» кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, сондай-ақ, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы субсидиялау мен кепілдік беруді жандандыруды;
2) болашақта осындай проблемаларды болдырмау үшін несиелерді субсидиялауды тиімді жоспарлау;
3) Базалық мөлшерлеменің 16,5%-ға дейін шектен тыс көтерілуі мемлекет бөлген қаражаттың банктердің қалтасына түсуіне алып келеді. «Ақ жол» фракциясы банктердің тәбетін тыйып, мемлекеттік субсидиялар тек банктерге ғана жұмыс істеп қоймай, неғұрлым көбірек кәсіпкерлер үшін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді төмендетуге мүмкіндік беруі мақсатында базалық мөлшерлемені кем дегенде 10-12%-ға дейін төмендету қажет деп санайды.
-
Фейк видеоға байланысты Мұхтар Шахановтың келіні ашық үндеу жасады22:31, 07 ақпан 2026
-
Президент Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарларына нақты тапсырмалар жүктеді.22:21, 07 ақпан 2026
-
16 млн теңге: «Қазақмыс» атымен алдағандар жауапқа тартылуда15:19, 07 ақпан 2026
-
Нұрлан имам биыл да АҚШ-тағы Трамптың қайырымдылық асына қатысты (ФОТО)17:15, 06 ақпан 2026
-
Жасанды интеллект зауыттарға қалай кіріп жатыр?17:05, 06 ақпан 2026
-
Жаңа Конституция: Үкімет кәсіпкерлерге қандай уәде беріп отыр?16:45, 06 ақпан 2026
-
-
Нұрлан Сабуровқа Ресей аумағына кіруге 50 жылға тыйым салынды16:00, 06 ақпан 2026
-
"Пәтер сұрауға ұялдым": Роза Рымбаева Назарбаевпен кездесуі жайлы айтты (ВИДЕО)15:21, 06 ақпан 2026
-
"Жаңа Конституция ұзақмерзімді серіктестікке жол ашады" – Олжас Бектенов15:10, 06 ақпан 2026
-
-
Атырау облысындағы жоғалған отбасы: ел естімеген дерек шықты04:18, 03 ақпан 2026
-
-
"Шөп шегейік деді": Танымал психолог Мақпал Қаратайдың бар былығын ашты (ВИДЕО)17:28, 02 ақпан 2026
-
-
-
-
-
-
-
"Жарқын жүзін сағындым": Асанәлі Әшімовтің жары жан тебірентер жазба жариялады (ВИДЕО)15:30, 13 қаңтар 2026
-
«Аяғы ауыр сияқты»: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың видеосы желіні шулатты (ВИДЕО)17:25, 16 қаңтар 2026
-
"Қимаймын, амал қанша": Гүлзира Айдарбекова отбасындағы қаралы хабарды жеткізді (ФОТО)16:18, 16 қаңтар 2026
-
«Көріпкел, емшілер жаза бастады»: 156 келіге жеткен Рамазан Амантай шындығын айтты06:00, 27 қаңтар 2026
-
"Қаншама күнә жинады": Сара Назарбаеваға қатысты тың дерек шықты (ВИДЕО)17:12, 14 қаңтар 2026
-
-
-
"Қатты өкінемін": Марқұм Мұрат Бисенбиннің соңғы сұхбаты тарады (ВИДЕО)12:21, 09 қаңтар 2026
-
«Тағы бір қайғы»: Асанәлі Әшімовтің отбасы тағы қара жамылды08:45, 26 қаңтар 2026
-