Қоғам

Полиция Астанадағы жасөспірімге қатысты қылмыстық істі растады

Полиция Астанадағы жасөспірімге қатысты қылмыстық істі растады

Астана қаласының Полиция департаменті кәмелетке толмаған балаға қарсы жыныстық зорлық-зомбылық көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде елордада 2008 жылы туған жасөспірімге зорлық жасалғаны туралы ақпарат тараған болатын. Жарияланған мәліметтерге сүйенсек, бұл ауыр қылмысқа күдікті ретінде екі ер адам ұсталған. Олардың бірі – елордадағы танымал «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының жетекшісі, белгілі белсенді Дамир Салимов екені айтылуда.

Аталған ақпаратқа қатысты Астана қалалық Полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

«Жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген құзыретті органның Politico.kz порталына берген жауабында.

Барлық жаңалық