Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституция жобасына қатысты өтіп жатқан республикалық референдумда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Экс-президент азаматтық борышын өтеу үшін көп жылдан бері сайлау науқандарында тұрақты түрде келіп жүрген «Астана опера» театрындағы нөмірі 228 учаскеге барған.
Дауыс беру рәсімі аяқталғаннан кейін ол тілшілердің қойған сұрақтарына жауап бермей, журналисттерге тек қолын бұлғап кетіп қалған.