Ақтөбеде өз немересінің пышақпен шабуылынан ауыр жарақат алған әйелдің жағдайы туралы дәрігерлер мәлімет берді. Бұл туралы Оzgeris.info сайты “Диапазон” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
2 желтоқсанға қараған түні 71 жастағы әже көптеген пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның мойны, жамбасы, иығы мен қолынан бірнеше рет пышақталғанын анықтаған.
Сонымен қатар қабырғалары сынған, кеуде қуысы мен іш қуысының жабық жарақаты тіркелген.
"Әйел жансақтау бөліміне жатқызылды, жарақаттары тігілді. Ол сөйлей алмай, нашар еститін күйде болды. 15 желтоқсанға қарай науқастың жағдайы жақсарып, өздігінен жүре бастады", – деді аурухананың бас дәрігері Қыдырбек Иманбаев.
Дәрігерлердің айтуынша, әйел ауруханадан шығарылып, әрі қарай емін үй жағдайында жалғастырады.