Алматы қаласы

Алматыда төртінші қабаттан құлаған әйелге күрделі ота жасалды

Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 33 жастағы әйел ауыр халде жеткізілді. Ол төртінші қабаттан құлап, бас-ми жарақатын, ми соққысын, қан кетуді, сондай-ақ жамбас пен сан сүйектерінің бірнеше күрделі сынуын алған. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы тым ауыр болғандықтан алғашқы күндері ота жасау мүмкін болмаған, деп хабарлайды ozgeris.info сайты shyndyk.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Тек бір аптадан кейін жағдайы тұрақталған соң, травматологтар жамбас және сан сүйектеріне остеосинтез жасады. Бұл күрделі операция сәтті аяқталды. Араға бір күн салып-ақ науқас балдақпен жүре бастаған. Қазір ол өзін жақсы сезінеді, емін әрі қарай жалғастырып жатыр.

 

Әйел өзіне жан-жақты көмек көрсеткен дәрігерлерге, әсіресе травматолог Нұржан Абдакимовичке алғыс айтып, олардың кәсіби шеберлігінің арқасында тезірек сауығып келе жатқанын жеткізді.

Барлық жаңалық