Жаңа Адамдар

Алматыда мыңнан астам адам өзен жағасын тазартты

Алматыда мыңнан астам адам өзен жағасын тазартты

Алматы қаласында Жаңа адамдар бастамасымен ауқымды экологиялық акция өтті деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Іс-шара Мөлдір бұлақ жобасы мен Таза Қазақстан аясында ұйымдастырылды.

Акция барысында елдің әр өңірінен келген 1000-нан астам белсенді Үлкен Алматы өзенінің жағалауын тазартуға қатысты. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, қатысушылар 20 тоннадан астам қоқыс жинаған.

Шара ерекше форматта өтті — тазалық жұмыстары DJ-сетпен қатар ұйымдастырылып, қатысушылар бір ырғақта жұмыс істеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама экологиялық мәдениетті жаңа форматта қалыптастыруға бағытталған. Яғни, қоршаған ортаны қорғау тек міндет емес, заманауи өмір салтының бір бөлігі ретінде ұсынылған.

Сонымен қатар акция барысында қайта пайдалануға болатын арнайы бөтелкелер таныстырылып, бірреттік пластиктен бас тарту мәселесіне назар аударылды.

Жоба қатысушыларының пікірінше, табиғатқа деген жауапкершілік әр адамның жеке таңдауы мен әрекетінен басталады. Мұндай бастамалар қоғамда саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.

Айта кетейік, «Мөлдір бұлақ» бастамасы бұлақтарды, өзен-көлдерді, аулалар мен қоғамдық орындарды тазартуға бағытталған жобалардың бірі болып табылады.

Барлық жаңалық