Алатау ауданындағы Н. Данченко көшесінде орналасқан үш қабатты ғимаратта өрт шықты. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер өртті сөндіруге тырысып жатыр, деп жазады ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға орнына жеткенде жалынның қарқыны күшейіп үлгерген. Өрттің деңгейі жоғарылатылып, арнайы штаб құрылды. Екі бағыт бойынша сөндіру жұмыстары жүріп жатыр, бірнеше су ағымы тартылып, сумен қамту қамтамасыз етілген.
Алайда қатты түтін мен жоғары температура өрт сөндіру ісін қиындатып отыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, алғашқы бөлімшелер жолға шыққан кезде көлік кептелісі олардың қозғалысына кедергі болған.
Қазір өртті ауыздықтау шаралары жүргізілуде. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жайлы ақпарат әзірге жоқ.